Riviera International School 6–11 сынып оқушыларына арналған білім гранттары конкурсы туралы алдын ала ақпарат ұсынады 🎓✨
Барлық үміткерлер келесі негізгі талаптарға сай болуы тиіс:
Азаматтық және оқу мәртебесі
Қазақстан Республикасының азаматы болу.
Орта білім беру ұйымында оқу.
Тілдерді меңгеру
Мемлекеттік тілді еркін меңгеру.
Шет тілін CEFR шкаласы бойынша B1 деңгейінен төмен емес білу.
Сертификаттардың болуы (KazTest, IELTS, TOEFL iBT, DELF/DALF, Goethe-Zertifikat, HSK) артықшылық болып саналады.
Академиялық үлгерім
Барлық пәндер бойынша «жақсы» және «өте жақсы» бағаға ие болу
(немесе бұрынғы оқу елінде ресми бекітілген бағалау жүйесіне сәйкес баламасы).Орташа балл:
кемінде 4,7 – «академиялық жетістіктер» санатындағы үміткерлер үшін;
кемінде 4,5 – басқа санаттағы үміткерлер үшін.
📅 2026–2027 оқу жылына гранттар конкурсының өткізу мерзімі мамыр айына қарай жарияланады.